Осы Жеке деректердің құпиялық саясаты (бұдан әрі – Құпиялық саясаты) Интернет-дүкеннің иесі – «Ақпараттық-техникалық қолдау орталығы «Сапфорис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Сатушы) мен Сатып алушы арасындағы, https://esetofficial.kz/kz/buy/shop2 Интернет-дүкені (бұдан әрі - Интернет-дүкен) Сатып алушылардан Интернет-дүкен сатйын пайдалану барысында алатын Сатып алушылардың дербес деректері бар ақпаратқа қатысты әрекет ететін Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына негізделген, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес қоғамдық шарт болып табылады.
1. Терминдерді анықтау
1.1. Жеке деректер – белгілі бір немесе олардың негізінде айқындалатын субъектіге қатысты жеке деректер, электрондық, қағаз және (немесе) басқа да материалды тасымалдауышта жазылған мәліметтер.
1.2. Жеке емес деректер – Сатып алушы жарнама блоктарын қарау процесі кезінде және жүйенің статистикалық скрипті: сұралған беттің мекенжайы, cookie ақпараты, IP- мекенжайы, браузер жайлы ақпарат, реферер (алдыңғы беттің мекенжайы), кіру уақыты орнатылған беттерге кірген кезде автоматты түрде жіберілетін мәліметтер.
1.3. Жеке деректерді жинау – жеке деректерді алуға бағытталған әрекеттер.
1.4. Жеке деректерді өңдеу – жеке деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, трансшекаралық жіберуге, иеліктен шығаруға, бұғаттауға және жоюға бағытталған әрекеттер.
1.5. Жеке деректерді қорғау – «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында орнатылған мақсаттар шеңберінде іске асырылатын ұйымдастырушылық және техникалық, оның ішінде құқықтық шаралар кешені.
1.6. Интернет-дүкен – Интернет желісінде https://esetofficial.kz/kz/buy/shop2 мекен-жайы бар Сатушының Интернет-сайты, онда Сатып алушыларға Тапсырыстарды рәсімдеу үшін Өнімдер, сондай-ақ осы Тапсырыстарды төлеу және жеткізу шарттары ұсынылған.
1.7. Веб-сайт қызметтері (Қызметтер) – барлық қызметтер https://esetofficial.kz/kz/buy/shop2 сайтында және қосалқы домендерде пайдалануға қолжетімді.
1.8. Сатып алушы – Интернет-дүкеннің пайдаланушысы.
1.9. Сатушы – «Ақпараттық-техникалық қолдау көрсету орталығы «Сапфорис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 230240022024, Интернет-дүкен арқылы Өнімдерді сатумен айналысады.
1.10. Өнімдер – тізімі Интернет-дүкенде анықталған лицензияланған бағдарламалық жасақтама.
1.11. Cookies – браузер Сатып алушылар кірген сайттардың деректерін жазып отыратын кішігірім мәтіндік файлдар. Cookies бірқатар функцияларды орындайды, мысалы, Сатып алушыға оның қалауларын есте сақтай отырып, беттер арасында тиімді ауысуға мүмкіндік береді, осылайша Интернет-сайтпен қарым-қатынас тәжірибесін жақсартады. Олар, сондай-ақ Сатып алушы онлайн болғанда көретін жарнама оның мүдделеріне сәйкес келуіне ықпал етеді. Cookies қолданылмаған жағдайда Өнімдерді Интернет-дүкеннен сатып алу мүмкін болмайды, себебі себеттің барлық жұымысы осы файлдардаға деректерді сақтау негізінде жасалған. Мысалы, егер Сатып алушы Интернет-дүкенде Өнімді таңдап, оны себетке салып, жаңа бетке өтсе, онда бұл Өнім себетте сақталмайды.
1.12. IP мекенжайы – Сатып алушының орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін IP протоколы арқылы құрастырылған компьютерлік желідегі тораптың бірегей желілік мекенжайы. Интернет-дүкен қала мен аймақтан артық орналасқан жерді қадағаламайды.
2. Құпиялық саясатының тақырыбы
2.1. Осы Құпиялық саясаты Сатушының жеке деректерінің құпиялығын қорғау режимін жарияламау және қамтамасыз ету міндеттемелерін белгілейді. Ол деректерді Сатып алушы Сатушының сұранысы бойынша Интернет-дүкен сайтында тіркелу және/немесе Өнімді сатып алу үшін тапсырыс рәсімдеу кезінде ұсынады.
2.2. Осы Құпиялық саясатына сәйкес өңдеуге рұқсат етілген жеке деректерді Сатып алушы Интернет-дүкеннің сайтындағы тіркеу пішінін толтыру арқылы береді және келесі ақпаратты қамтиды:
2.2.1. Сатып алушының тегі, аты, әкесінің аты (әкесінің аты – қалауы бойынша);
2.2.2. Сатып алушының байланыс телефоны;
2.2.3. электронды пошта мекенжайы (e-mail);
2.2.4. Өнімді жеткізу шарттары.
2.3. Жоғарыда көрсетілмеген кез келген басқа жеке ақпарат (сатып алу тарихы, пайдаланылған браузерлер мен операциялық жүйелер және т.б.), осы Құпиялық саясатының 4.3.2 және 4.4-тармақтарында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, сенімді сақтауға және таратпауға жатады.
3. Сатып алушылардың жеке деректерін жинау және өңдеу мақсаттары
3.1. Сатушы тек Қызметтерді ұсынуға және/немесе Сатып алушының Интернет-дүкен каталогындағы Өнімдерді сатып алу үшін қажетті жеке деректерін жинап, өңдеп және оны сақтайды.
3.2. Сатушы Сатып алушның жеке деректерін келесі мақсаттарда пайдаланады:
3.2.1. Сатып алушыны тапсырысты рәсімдеу және/немесе Қоғамдық оферта шартын жасау үшін сәйкестендіру;
3.2.2. Сатып алушыдан төлемдерді алу және өңдеу;
3.2.3. Сатып алушыға Өнімдерді жеткізу;
3.2.4. Сатып алушыға тиімді тұтынушылық қолдау көрсетуді ұсыну;
3.2.5. Сатып алушыға жеке Қызметтер ұсыну;
3.2.6. Сатып алушымен байланыс, оның ішінде хабарландыруларды, өтінімдер мен Қызметтерді пайдалануға, қызмет көрсетуге, сонымен қатар Сатып алушылардың өтінімдері мен Тапсырыстарын өңдеуге байланысты ақпараттарды жіберу;
3.2.7. Қызметтердің сапасын жақсарту, оларды пайдалану ыңғайлылылығы, жаңа Қызметтер мен көмектерді әзірлеу;
3.2.8. Сатып алушыны өткізіліп жатқан іс-шаралар мен науқандар жайлы хабардар ету;
3.2.9. жеке емес деректер, жарнамалық хабарламаларды оңтайландыру негізінде статистикалық және басқа да зерттеулер жүргізу.
3.3. Сатушы Сатып алушының Интернет-сайтында ашық түрде ұсынған мәліметтері үшін жауапты емес.
3.4. Сатып алушының логині мен құпия сөзі үшінші тарапқа белгілі болу салдарынан тартқан шығындары үшін Сатушы жауапты емес.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Сатып алушы міндетті:
4.1.1. Интернет-дүкенді қолдануға қажетті жеке деректер жайлы ақпаратты ұсынуға;
4.1.2. Интернет-дүкенді пайдалану кезінде дұрыс емес деректер табылған жағдайда, ұсынылған ақпаратты өзгертуге, толықтыруға.
4.2. Сатып алушы құқылы:
4.2.1. кез келген уақытта Қызметтер шеңберінде ұсынылған веб-интерфейс арқылы Жеке деректер туралы ақпаратқа қолжеткізуге және түзетуге.
4.3. Сатушы міндетті:
4.3.1. алынған ақпаратты осы Құпиялық саясатының 3-бөлімінде көрсетілген мақсаттарда ғана пайдалануға;
4.3.2. құпия ақпаратты құпия түрде сақтау, Сатып алушының тапсырысын орындау (курьерлік қызметтер, пошта ұйымдары, банктер және т.б.) мақсатында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарын қоспағанда Сатып алушының алдын ала берілген жазбаша рұқстатынсыз деректерді беруді жарияламау;
4.3.3. Сатып алушының жеке деректерінің құпиялығын қорғау үшін әдетте осындай түрдегі ақпаратты қорғау үшін қолданылатын тәртіпке сәйкес сақтық шараларын сақтау.
4.4. Сатушы статистика және жарнамалық хабарламаларды оңтайландыру мақсатында үшінші тұлғаларға Сатып алушылардың жеке емес деректерін жинауға және талдауға рұқсат беруге құқылы. Үшінші тұлғалардың жеке емес деректерді пайдалануы олардың жеке құпиялық саясатына бағынады және Интернет-дүкен олардың пайдаланылуына жауапты емес.
5. Басқа шарттар
5.1. Сатып алушының Интернет-дүкенді пайдалануы оның осы Құпиялық саясатымен және Сатып алушының жеке деректерін Сатушының өңдеу шарттарымен сөзсіз келісетінін білдіреді.
5.2. Құпиялық саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда Сатып алушы Интернет-дүкенді пайдалануды тоқтатуы керек.
5.3. Бұл Құпиялық саясаты https://esetofficial.kz/kz/buy/shop2 Интернет-дүкенінің сайтына және қосалқы домендерге ғана қолданылады. Интернет-дүкен Сатып алушы осы дүкен сайтында қолжетімді сілтемелер арқылы көшуге болатын үшінші тарап сайттарына жауапты емес.
5.4. Сатушы ақпаратты алу әдісінің ерекшеліктеріне байланысты Сатып алушы ұсынған жеке деректердің дұрыстығын тексермейді және оның өзектілігін қадағаламайды. Дегенмен, Сатушы Сатып алушы сенімді жеке деректерді берді деп есептеп, бұл деректерді жаңартып отырады. Сатып алушы жалған немесе маңызды емес жеке деректерді бергені үшін барлық жауапкершілікті, сондай-ақ ықтимал салдарын өз мойнына алады.
5.5. Сookies файлдарын өшіру авторизацияны қажет ететін Интернет-дүкен сайтының бөліктеріне кіру мүмкін еместігіне әкелуі мүмкін.
5.6. Интернет-дүкен өз тұтынушыларының IP мекенжайлары туралы статистиканы жинайды. Бұл ақпарат техникалық мәселелерді анықтау мен шешу, қаржылық төлемдердің заңдылығын бақылау үшін пайдаланылады.
5.7. Осы Құпиялық саясатына және Сатып алушы мен Сатушы арасындағы қарым-қатынасқа Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы қолданылады.
5.8. Сатушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру үшін осы Құпиялық саясатын біржақты тәртіпте өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
5.9. Осы Құпиялық саясатына қатысты барлық ұсыныстарды немесе сұрақтарды 050040, Қазақстан, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, БҰҚАР ЖЫРАУ бульвары, 33 үй, 25 кеңсе мекенжайы бойынша жіберу керек.
5.10. Сатушы Интернетті пайдалану нәтижесінде Сатып алушы туралы ақпаратқа қолжеткізген үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін, кез келген Интернет пайдаланушысы үшін қолжетімді ақпаратты пайдаланудың салдары үшін жауапты емес.